AOGU supports UN Agenda

Ғылымды дамыту бағыттарының бірі зерттеушілер қатарын көбейту. Сонда ғылым саласында да бәсекелестік артады. Ғылыми қызметкерлердің біреуі зерттеумен айналысуға қызығушылық танытса, алдына мақсат етіп қойса, сол қойған мақсатына жету кезінде ғылыми жаңалықтар ашуының мүмкіндігі арта түседі. Яғни, санның сапаға айналуы үшін ғалымдар саны арта түсуі тиіс.

Ғылымның дамуы - кез келген қоғамның дамуының негізгі көрсеткіші. ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың дамыған дәуірі. Еліміздегі ғылыми –зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары – отандық ғылымды дамытудың негізгі күші. Отандық ғылымды дамыту мақсатында С.Өтебаев атындағы АтМГУ әкімшілігі түрлі шаралар мен конкурстар ұйымдастырып, өткізіп келеді.

Атап айтқанда, университет ғалымдарының ғылыми зерттеулері мен қолданбалы жұмыстарды ынталандыру, олардың кәсіби деңгейі мен белсенділігін арттыру, сондай-ақ ғылыми және кәсіптік қызметті кеңінен насихаттау мақсатында Басқарма төрағасы-ректор Г.Т.Шакуликова «Ғылым үздіктері» университетішілік байқауын жариялады.

Әріптестерге сәттілік тілейміз!

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN