AOGU supports UN Agenda

Бүгін Халықаралық бағдарламалар орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Болашақ» президенттік стипендиясының ең табысты 30 түлегімен интерактивті кездесу ұйымдастырды.

ҚР БҒМ Асхат Аймағамбетов кездесуге қатысқан «болашақтықтардың» ел дамуына ерекше үлес қосып жүргеніне тоқталып, әрқайсының еңбегіне жоғары баға берді. 

Соның ішінде Гүлзада Тәңірбергенқызы туралы: «С.Өтебаев атындағы АтМГУ Басқарма төрағасы-ректор Гүлзада Шакуликова аз ғана уақыт ішінде университетте жасалған ауқымды жұмыстарымен оқу орнына үлкен өзгерістер алып келді. Университетте әр күн сайын жаңа жобалар, тың идеялар, оң өзгерістер, жаңа білім бағдарламалары іске асып жатыр»,- деп атап өтті.

Кездесуге қатысқан С.Өтебаев атындағы АтМГУ Басқарма төрағасы-ректор Г.Шакуликова университет базасында маңызды мәселелер бойынша пікірталастар, идеялар мен шетелдік тәжірибе алмасу, әлемдік процестерді және олардың талдауы мен мониторингін бастау үшін кәсіби сарапшылар қауымдастығының алаңына айналатын Шығармашылық индустрия орталығы құрылып жатқанын айтты.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN