AOGU supports UN Agenda

Бүгін атыраулық мектеп оқушылары электрондық форматта ҰБТ тапсырып жатыр. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасындағы Ustudy тестілеу Орталығында білім сынағының алғашқы күнінде 50-ден астам талапкер тест тапсырады.

Биылғы жаңалық - талапкер тест тапсырмасын бұрынғыдай қағаз кітапшада толтырмайды, дербес компьютер қарастырылған. «Бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера" қағидаты бойынша өтеді.

Сондай-ақ, ҰБТ тапсыру белгілі бір күнге ғана белгіленбейді. Бұрын оқушылар емтихан тапсыратын 10 күнді елеңдеп күтсе, енді ҰБТ тапсыру үш айға созылады. Өзі қалаған кез келген уақытта мектеп бітіруші түлек тест тапсыра алады.

UStudy-мен қол қойылған ынтымақтастық туралы келісім аясында Университет базасында Математика, Физика, Химия, тарих, География, Биология, Қазақ тілі, Орыс тілі, Ағылшын тілі пәндері бойынша 10-11 сынып оқушыларын даярлау жүргізіледі.

Ustudy тестілеу Орталығы тестілеу бойынша сынақтар өткізу, түрлі оқу курстарын ұйымдастыру және халықаралық ұйымдармен байланыс орнату жұмысын іске асырады. Білім беру саласында онлайн сервистерді енгізу мен дамыту алаңы ретінде Орталық тестілеудің жаңа мәдениетін қалыптастыруды мақсат етеді.

Барлық талапкерлерге сәттілік тілейміз!

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN