AOGU supports UN Agenda

Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік іс-шара Наурыз жырымен басталды. Ұлттық нақышта безендірілген акт залына жиналған оқытушылар мен студенттер бір-бірімен көрісіп, ақ бата-тілектерін арнады.

Университеттің бірінші проректоры Бақытжан Құмалақов мейраммен құттықтап, үздік қызметтерімен ерекшеленген оқытушыларға алғыс хат табыстады. Мереке қарсаңында Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер департаменті жариялаған «Ең үздік ұлттық киім» байқауының жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Көрісу, жарапазан, тұсаукесу секілді салт-дәстүрлерден көрініс қойылып, студенттер ән-биден шашу шашты. Наурыз-бата беріліп, ұлттық мейрамның мән-маңызы жайында келелі әңгімелер айтылды.

Университеттің барлық қызметкерлерін, профессорлық-оқытушылар құрамын, студент-магистранттарды Әз-Наурызбен құттықтаймыз! Жаңа жыл жақсылықтың жаршысы болсын!

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN