AOGU supports UN Agenda

Жерге орналастыру, геодезия жəне картография мамандығы еңбек нарығында сұранысқа ие. Осы мамандықты меңгеріп: ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс алаңдарында; азаматтық, тұрғын үй, көлік, гидротехникалық ғимараттар мен құрылыстарды жобалау кезінде; пайдалы қазбалар кен орындарын жайластыру; жер учаскелерін, қала аумақтарын бөлу; табиғи және табиғи-антропогендік жүйелер мен құрылыстар; геодезиялық компанияларда, картографиялық және Аэрофотограмметриялық жұмыстар кәсіпорындарында және жобалау құрылыс ұйымдары мен институттарында геодезист және картограф болып жұмыс істей аласыз. Ғылыммен де айналысуға болады. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Мұнай-газ факультетінде Геодезия және картография мамандарын даярлайды. - «Геодезия жəне картография» - өте қажет мамандық, себебі, жерді өлшеу, зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, қалаларда ғимараттардың көптеп бой көтеруі, айналма жолдардың салынуы да осы мамандықпен байланысты. Бұл мамандықты игерген түлектерге жұмыс көп. Университетте бакалаврды бітіргеннен кейін магистратурада білімін жалғастыруға болады жəне түрлі бағдарламалар бойынша шетелде де білім алуға мүмкіндік зор,-дейді Мұнай-газ факультетінің оқытушысы Айторғын Мухси. Оқуға түсу үшін емтихан тапсырылатын пәндер: физика және математика Оқу мерзімі: 3 немесе 4 жыл орта білім негізінде; 2 жыл техникалық және кәсіптік білім негізінде; жоғары білім негізінде 1-1,5 жыл.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN