AOGU supports UN Agenda

Бизнес мектепте "Зерттеуде инновациялық әдістерді қолдану" тақырыбында семинар өтті. «Мұнай-газ бизнесі экономикасы» білім беру бағдарламасы бойынша оқып жатқан магистранттар жеке және ұжымдық ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруда, соның ішінде магистрлік диссертация дайындауда қолдана алатын ғылыми-зерттеу жұмыстарының құзыреттілігі мен дағдылары жөнінде мәліметтермен танысты.

Семинарға университеттің ғылым жөніндегі проректоры Мұрат Сыздықов, Бизнес мектеп деканы Ақмарал Жалғасбаева қатысып, магистранттарға бағыт-бағдар берді..

Ғылыми семинар барысында магистранттар А.Серіковтің "Экономиканы әртараптандыру: Қазақстан экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету»; А.Қазиханның «Экономиканы жаңғырту жағдайында өңірдің инновациялық - инвестициялық қызметін қамтамасыз етудің тиімді тетігін қалыптастыру» және А.Маханованың «Адами капиталды дамытуды басқаруды ұйымдастыру» тақырыбында баяндамалары тыңдалды.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN