AOGU supports UN Agenda

Жоғары оқу орындарының халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейту білім беру саласын дамытудағы маңызды аспект болып отыр. Халықаралық ынтымақтастық университеттің қызметін, ғылымдағы, оқу-әдістемелік жұмыстағы, кадрларды даярлаудағы мүдделер мен практикалық нәтижелер аясын кеңейтеді, ұжымды әлемдік мәдениетке баулуға ықпал етеді.

Жаһандық білім беру жүйесіне ену, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі мамандарды даярлау білім беру мекемелеріне халықаралық байланыстар орнату, білім беру және ғылым саласындағы шетелдік әріптестермен жан-жақты ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамытуда айрықша маңызды.

Осы бағытта Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті жобаларға қатысушылармен бірге ортақ проблемаларды шешу жолдарын табу бағытында өзара байланыс орнатады.

Университетте Вашингтон университетінің сарапшыларымен кездесу өтті. Джошуа Гетч бүкіл әлемде таланттар бар екенін және олардың мақсаты осы таланттарды табу, студенттердің тағылымдамасы мен ұтқырлығын ұйымдастыру, дарынды мамандарды жетекші компаниялармен байланыстыру екенін айтты.

Бұл жобалар студенттерге танымал компанияларда жұмыс табуға көмектеседі.

Кездесудің мақсаты - студенттерді жаңа жобалар туралы хабардар ету және ынтымақтастықты дамыту. Біз осы жобада ғана бірге дамумен шектелмей, халықаралық кеңістікте өзара байланыс орнату жұмысын жалғастырамыз.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN