AOGU supports UN Agenda

Сәуір айының алғашқы жексенбісі геолог күні деп белгіленді.Бұл атаулы күн о баста, кеңес геологтарының елдің минералды-шикізат қорын құрудағы сіңірген қызметтерінің құрметіне, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1966 жылғы наурыздың 31-індегі Жарлығымен бекітілген болатын. Бұл Жарлықтың шығуына 1966 жылы алғашқы Батыс-Сібір мұнайлы аймағы кен орнының ашылуы түрткі болды. Геолог күні бұрынғы Кеңес одағының барлық геологиялық және өндіру мекемелерінде атап өтіледі. Геологтармен қатар бұл мерекені маркшейдерлер, қопарғыштар, шахта үңгушілері, сондай-ақ пайдалы қазбаларды іздеумен және өндірумен айналысатын басқа да адамдар өздерінің төл мерекесі деп есептейді. Мейрамның өткізілу уақыты - сәуірдің бірінші жексенбісі бекер таңдалмаған, өйткені қыстың аяқталғаны жазғы дала жұмыстары мен экспедицияларға даярлықтың басталуын білдіреді.

Өз өмірін жер қойнауын зерттеуге арнаған геологтар күні. Табиғи ресурстардың , құнды минералдардың,мұнай қорының, табиғи газдың сан алуан түрін жер астынан игеріп, халық игілігіне айналдыруда осы мамандық иегерлерінің еңбектері ерен. Геологтардың адал маңдай терінің арқасында ел экономикасы дамып, халық қазынасы толығып отырғаны баршамызға белгілі.

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті бүгінде таңда еліміздегі сұранысқа ие геолог мамандарын даярлайтын бірден-бір жоғары оқу орны. Бүгінгідей мерекеде әріптестерімізді, түлектерімізді және оқу орны студенттерін,болашақ геологтарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN