AOGU supports UN Agenda

Қай салаға болмасын маман даярлау ісінде түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына баса назар аударылады. Еліміздегі мұнай-газ кешенінің болашақ көшбасшылары білім алатын Университет жұмыс берушілермен тығыз байланыс орната отырып, қоғам мен жеке тұлғаның ортақ мүддесі тұрғысында қарым-қатынастың тиімді моделін орнатуды мақсат етеді.

Бүгін университетте «Karachaganak Petroleum Operating» компаниясы басшылығымен онлайн кездесу өтті. Тараптар болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін сапалы қалыптастыру қажеттілігіне тоқталып, өзара байланысты нығайтуға келісті.

Университет түлектері аталған компанияда табысты еңбек етіп жүр. Оқу орны мен өндіріс арасындағы өзара ынтымақтастық лайықты жалғасын тауып келеді.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN