AOGU supports UN Agenda

Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке тұлғаның дағдысын жетілдіру, оқу-танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру маңызды. Осы бағытта Университет өңірдегі өндірістік компаниялармен бірлесе отырып, индустрия өкілдерінің қатысуымен студенттерге практикалық сабақ өткізу үрдісін жалғастырып келеді.

Бүгін 6В07104 – «Өндірістік энергетика» білім беру бағдарламасының 2-3 курс студенттері дәрісті Schneider Electric компаниясына барып оқыды. Энергияны басқару мен автоматтандыру бойынша әлемдік сарапшы саналатын бұл компанияның дүние жүзінің 100-ден астам елінде бөлімшесі бар.

Атыраудағы филиалда болашақ энергетиктер осы саладағы жаңашылдықтармен танысып, теориялық білімдерін тәжірибе арқылы іске асыруға мүмкіндік алды. Студенттер бірнеше күн аталған компания мамандарынан дәріс алып, заманауи қондырғыларында жұмыс істеуді меңгереді.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN