Корпоративтік хатшы лауазымы Директорлар кеңесінің қызметін ұйымдастыруды, қоғамның органдары мен лауазымды адамдарының Жалғыз акционер мен Қоғамның Директорлар кеңесінің құқықтары мен мүдделерін іске асыруға кепілдік беретін корпоративтік басқару қағидалары мен рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.
Корпоративтік хатшы өз қызметінде Директорлар кеңесіне және Қоғамның Директорлар кеңесінің Төрағасына есеп береді.
Корпоративтік хатшы өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, қоғамның жарғысына, Директорлар кеңесі туралы ережеге және осы Ережеге, қоғамның басқа да ішкі құжаттарына, сондай-ақ Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің шешімдеріне сәйкес жүзеге асырады.
МҰХАНҒАЛИЕВА ГҮЛШАРА ДӘРІБАЙҚЫЗЫ
Корпоративтік хатшы
Білімі:
- 1992 жылы Атырау педагогикалық институтының тарих-филология факультетін, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.
- 2024 жылы «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ, 7М04106 ЕМВА «Энергетика саласындағы әйелдер көшбасшылығы», 00015681524 МВА білім беру бағдарламасы бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие болды.
- Кәсіби медиатор, куәлік №01502
Еңбек өтілі:
- 1992-1997 жылдары Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып қызмет атқарған.
- 1997-2003 жылдары Х.Санбаев атындағы Мақат орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, оқу бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
- 2003-2012 жылдары «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» Атырау музыка колледжінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеген.
- 2012-2015 жылдары «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ-да Қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарған.
- 2015-2016 жылдары осы университеттің Маркетинг басқармасында жетекші маман болып жұмыс істеген.
- 2016-2017 жылдары БАҚ орталығының жетекшісі қызметін атқарған.
- 2017 жылдан бастап «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде» Корпоративтік хатшы болып қызмет етуде.
Қосымша мәліметтер:
- Төсбелгі №00138 «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін»
БАЙЛАНЫСТАР
Корпоративтік хатшы