Ішкі аудит қызметі

Қызмет Қоғамның Жалғыз акционерін, Директорлар кеңесін қоспағанда, үшінші тұлғалардың ықпалынан тәуелсіз және Қоғамның Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қоғамда ішкі аудитті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін Қоғамның бақылау органы болып табылады. Қызметке жетекшілік етуді аудит жөніндегі Комитет (бар болса) жүзеге асырады. Өз функцияларын орындау процесінде объективтілік және бейтараптық қағидаттарын сақтау мақсатында Қызмет жұмыскерлері кейіннен ішкі аудитке және аудитке жататын кезең ішінде өздері жүзеге асыратын қызметтің немесе функциялардың аудитімен айналысуы мүмкін қандай да бір қызмет түрлеріне тартылмауы тиіс. Қызмет мамандарына Қызмет мәртебесіне, Қоғам Жарғысына және Ішкі аудит туралы Ережеге сәйкес қолданылуы мүмкін емес құжаттарды қоспағанда, Қоғамның ішкі құжаттарының және Қоғамның Жалғыз акционерінің оның еншілес ұйымдарына қатысты ішкі құжаттарының ережелері қолданылады. Қызметтің жұмысын бағалауды аудит жөніндегі комитеттің (бар болса) ұсынымдарын ескере отырып, Қоғамның Жалғыз акционері және/немесе сыртқы аудитор жүргізеді.

Сурет

ҮМБЕТҚАЛИЕВА НҰРГҮЛ ҮМБЕТҚАЛИҚЫЗЫ

Ішкі аудит қызметінің аудиторы

Білімі:

  • 1996 ж. – 1998 ж. Атырау политехникалық колледжі, «Бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау және талдау» мамандығы бойынша, біліктілігі «Бухгалтер».
  • Қызылорда қаласының Болашақ университеті, «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, біліктілігі «Экономист».

Біліктілікті арттыру курстары:

  • Сертификаттау жөніндегі Ұлттық комиссия, Мемлекеттік аудитор біліктілігін беру туралы сертификат.
  • АССА (Assaciation of Chartered Certified Accountants), қоғамдық секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша сертификат (IPSASRU).
  • Certificate in International Public Sector Accounting Standards.

Жұмыс тәжірибесі:

  • Атырау облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде аудиторлық іс – шараларды жүргізу-бағалау, мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін сақтауын тексерубас маман-мемлекеттік аудитор қызметтерін атқарған.

Ішкі аудит қызметі туралы ереже


БАЙЛАНЫСТАР


Ішкі аудит қызметінің аудиторы





RU KK  EN