Құрметті Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің білім алушылары!
Университетіміз әрбір студенттің құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеуді басты қағидаттардың бірі ретінде ұстанады. Егер Сіз оқу үдерісінде немесе университет қабырғасында:
- заңды құқықтарыңыздың бұзылғанын,
- кемсітушілікке, әдепсіз қарым-қатынасқа немесе психологиялық қысымға тап болғаныңызды,
- қандай да бір әділетсіздікке немесе теріс іс-әрекеттерге куә болғаныңызды
байқаған жағдайда, Сізден бұл туралы бізге хабарлауыңызды сұраймыз.
Барлық өтініштер қаралады. Сіздің қауіпсіздігіңіз бен әл-ауқатыңыз — университет әкімшілігі үшін ең басты басымдықтардың бірі.
Өз құқықтарыңызды қорғау және қолдау көрсету мақсатында арнайы электрондық поштаға жазсаңыз болады:
📧 E.Abezhanov@aogu.edu.kz
Біз Сіздің әрбір дауысыңыздың маңызды екенін ескере отырып, әділ, ашық және қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз.