Геология және мұнай-газ кен орындарын барлау (7M07201)

Оқу мерзімі: 2, 1.5 жыл

Кешенді тестілеудің (КТ) таңдау пәндері: Жалпы және тарихи геология, Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы

«Мұнай мен газ кен орындарының геологиясы және барлауы» білім беру бағдарламасы жаңа сапалы оқыту тәсілін ұсынады, ол келесі аспектілермен ерекшеленеді:

  • Оқу бағдарламасына геологиялық, геофизикалық және геохимиялық зерттеулер деректерін цифрлық жүйелер арқылы интерпретациялау мүмкіндіктерін кеңейтетін инновациялық бейінді пәндерді енгізу;
  • Қазіргі заманғы жабдықтар мен жаңа компьютерлік бағдарламаларды пайдалана отырып, геологиялық барлау жұмыстарын жобалау және жүргізу үшін қажетті кәсіби білімді меңгеру;
  • Оқытушы мен студенттің академиялық еркіндігін кеңейту;
  • Арнайы жоғары білімді қоғам мен ғылымның өзгермелі қажеттіліктеріне бейімдеу;
  • Мамандардың басқа елдерде даярлық деңгейінің мойындалуы;
  • Еңбек нарығының өзгермелі жағдайында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Білім беру бағдарламасының мақсаты – мұнай-газ секторы үшін геолог, геофизик және геохимик мамандардың бәсекеге қабілетті жаңа буынын дайындау, білім мен ғылымға жаңа идеялар мен технологияларды енгізу, сондай-ақ қазіргі геология, геофизика және геохимия саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізу.

Білім беру бағдарламасының басты жетістігі – шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, белсенді, әлеуметтік жауапкершілігі бар, кәсіби сұранысқа ие тұлғаны қалыптастыру.

RU KK  EN