Оқу мерзімі: 1,5 жыл - бейіндік және 2 жыл - оқытудың ғылыми-педагогикалық бағыты
Кешенді тестілеудің (КТ) бейінді пәндері: Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу, Еңбекті қорғауды басқару жүйелері
7М11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінін қауіпсіздігі білім беру бағдарламасының мақсаты: қоғам мен елдің жоғары білімді және үйлесімді дамыған мамандарға қажеттілігін қанағаттандыру, тыныс-тіршіліктің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласында қазіргі заманғы білімді сондай-ақ еңбек нарығында және қоғамда сұранысқа ие болуға мүмкіндік беретін әлеуметтік кәсіби құзыреттерді игеру, әлеуметтік және кәсіби ұтқырлыққа қабілетті, ғылымға жаңа модельдер, идеялар мен технологиялар енгізетін тыныс-тiршiлiк қауiпсiздiгi және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзектi проблемаларды шешу үшiн ғылыми және эксперименттiк зерттеулер жүргiзушiлер болып табылады.
ВОсы білім беру бағдарламасының түлегі жобаларды, бағдарламаларды, өрт, өнеркәсіптік, экологиялық, химиялық, радиациялық, биологиялық және қауіпсіздіктің басқа да түрлері бойынша техникалық шешімдер мен іс-шаралардың қазіргі заманғы аспектілерін әзірлеуде, іске асыруда және бақылауда, қоршаған орта мен оның компоненттерін техногендік әсерден қорғауда білімі мен дағдылары бар; яғни қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бойынша инженерлік міндеттерді шешу әдістерін меңгерген.
Осы білім беру бағдарламасының магистрі білікті жұмыс үшін барлық қажетті білімі мен практикалық дағдылары бар және еңбек, төтенше жағдайлар, экология және қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменттерінде инженер-экологтар, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі инженерлер, мамандар және ғылыми-педагогикалық кадрлар лауазымдарын атқара алады; мұнай-газ химиясы және экономиканың түрлі салаларындағы өнеркәсіптік кәсіпорындарда; жобалау ұйымдарында, салалық ғылыми институттарда, жоғары (2 жыл оқу) және орта-арнаулы білім беру орындарында.
Жергілікті деңгейдегі әлеуетті жұмыс берушілермен тығыз байланыстар орнатылды, халықаралық және қазақстандық коммерциялық және мемлекеттік мекемелер тұрақты әріптестер болып табылады.
Тәжірибелік дағдыларды алу үшін тәжірибе облыс пен Республиканың түрлі ұйымдары мен кәсіпорындарында: Атырау облысының ТЖ департаменті, Атырау облысының Экология департаменті, Атырау МӨЗ, Теңіз МӨЗ, Қарабатан МӨЗ, KazakhstanPetrochemical IndustriesInc ЖШС, Каспиймұнайгаз АҚ, Қаз АҚ НИГРИ, Ембімұнайгаз АҚ, Қазтрансойл АҚ, Қазмұнайгаз-бұрғылау СПБ ЖШС, «Атмосфералық ауаны қорғау» республикалық ҒЗО АФ ЖШС, сондай-ақ орта-арнайы және жоғары оқу орындарында және т.б