Қолданбалы бакалавриат

Білікті кадрларды жедел даярлауды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылға арналған іс-қимыл Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 104-тармағына сәйкес әзірленген «Жоғары білім деңгейінде қолданбалы бакалавриатты (қысқа цикл) пилоттық режимде енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 28 шілдедегі №14 бұйрығының негізінде «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ базасында «Қолданбалы бакалавриат» дәрежесі берілетін «Қолданбалы бакалавриат (қысқа цикл)» бағдарламасы бойынша мамандар даярлау жүзеге асырылуда.


1.    БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

С. Өтебаев атындағы АтМГУ қолданбалы бакалавриатының білім беру бағдарламалары тізбесі және оқуға түсу емтиханының форматы:

Дайындық бағыттарының атауы

Білім беру бағдарламасының шифры және атауы

Оқуға түсу емтиханының форматы

1-пән

2-пән

5В072

Өндірістік және өңдеу салалары

5В07201

Мұнай-газ технологиялары

Жазбаша

Ауызша



2.    ҚОЛДАНБАЛЫ БАКАЛАВРИАТҚА ТҮСУ АЛГОРИТМІ

«Қолданбалы бакалавриат (қысқа цикл)» бағдарламасы туралы ереже

П АУНГ 36-22-У Положение о программе Прикладной бакалавриат (короткий цикл)

Қабылдау комиссиясының қолданбалы бакалавриатқа өтініштерді қабылдауы

16 тамыздан бастап

Оқуға түсу емтиханын тапсыру

17-25 тамыз аралығы

Қабылдау комиссиясына құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну

25 тамызға дейін

Оқуға қабылдау және оқуға шарт жасасу

25 тамыз



3.    ОҚУҒА ТҮСУ ЕМТИХАНЫ

«Қолданбалы бакалавриат (қысқа цикл)» бағдарламасы бойынша оқуға түсу емтиханының бағдарламасы

Қолданбалы бакалавриат түсу емтиханының бағдарламасы

Қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларына түсушілер түсу емтиханын 2 форматта тапсырады:

  • Жазбаша

  • Ауызша

Жазбаша: оқуға дайындығын анықтауға арналған тест түрінде тапсырылады. Бұл тест сыни ойлауды және қарапайым математиканың қалыптасу деңгейін, ақпараттың әртүрлі формаларын түсіндіруді және т.б. анықтайды.

Бір тапсырманы орындау уақыты: 1-2 минут

Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны: 10 тапсырма

Барлық тестіні орындауға арналған жалпы уақыт: 20 минут

Ауызша: С. Өтебаев атындағы АтМГУ профессор-оқытушылар құрамы, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары және жұмыс берушілер қатарынан құралған емтихан комиссиясы әңгімелесу түрінде өткізеді.

2022 жылғы қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша түсу емтиханын өткізу кестесі:

БББ атауы

Күні

Уақыты

Орны

1.

5В07201

Мұнай-газ технологиялары

17-25 тамыз аралығы

9.00

10.00

11.00

15.00

16.00

17.00

Н. Балғымбаев атындағы КДО, 3-қабат, №4 каб.



Апелляция

Апелляцияға өтінішті қолданбалы бакалавриат бағдарламасына түсуші тұлға апелляциялық комиссия төрағасының атына жазады. Емтихан материалдарының мазмұны бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.

Апелляциялық комиссия әр адаммен жеке жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды. Апелляциялық комиссия өтінішті қараған кезде апелляция берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

Апелляциялық комиссияның шешімдері Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға мен Комиссияның барлық мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.


4.    ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ

1.      С. Өтебаев атындағы АтМГУ Басқарма тқрағасы – ректоры атына жазылған өтініш, үлгі бойынша;

2.      Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат (түпнұсқа);

3.      Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі + түпнұсқа (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

4.      3*4 см көлеміндегі 6 фотосурет;

5.      Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама;

6.      Оқуға түсу емтиханының нәтижесі.


5.    ОҚУ ҚҰНЫ

Дайындық бағыттарының атауы

Білім беру бағдарламасының шифры және атауы

Оқу мерзімі

Оқу жылындағы оқу құны, тг.

5В072

Өндірістік және өңдеу салалары

5В07201

Мұнай-газ технологиялары

2 жыл

552 000

 

RU KK  EN