Кітапхана


Ғылыми кітапхана – білім беру және ғылыми қызметке кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ЖОО бөлімшесі.

Міндеттері:

  • кітапхана қорларына кең қолжетімділік негізінде ақпараттық сұраныстарға сәйкес ЖОО оқырмандарының барлық санаттарына толық және жедел кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету;
  • университет бейініне және оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес кітапхана қорын қалыптастыру;
  • анықтамалық-библиографиялық аппаратты және деректер базасын ұйымдастыру және жүргізу;
  • ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу: кітапты және басқа да ақпараттық ресурстарды пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
  • оқырмандарды анықтамалық аппаратпен, оның ішінде автоматтандырылған режимде жұмыс жасауға дайындау;
  • кітапхана қызметтерінің тізімін кеңейту, кітапхананы техникалық жабдықтау, кітапханалық-ақпараттық процестерді цифрландыру негізінде олардың сапасын арттыру;
  • оқырмандардың әдебиетке деген сұранысын толық қанағаттандыру үшін кітапханалармен, ғылыми-техникалық ақпарат органдарымен және басқа да мекемелермен қызметті үйлестіру және кооперациялау;
  • кітапханалық қызмет көрсетуді оңтайландыру мақсатында шаруашылық қызметті жүзеге асыру.

 

  • Ғылыми кітапхана директоры – АМАНГЕЛДИЕВА АЛМАГУЛЬ АМАНГЕЛДИЕВНА
  • e-mail: a.amangeldieva@aogu.edu.kz

  • С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің кітапханасы 1980 жылы Гурьев қаласында Қазақ политехникалық институтының Жалпы техникалық факультетінің (ҚазПТИ ОТФ) негізі қаланғаннан бері құрылды.

    1999 жылы Атырау мұнай және газ институты мен ҚР ҰҒА Мұнай және табиғи тұздар химиясы институтының бірігуі нәтижесінде кітапхананы толықтыру бейіні айтарлықтай кеңейе түсті. 

    Кітапхана университеттің жетекші құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Дамудың жаңа бағытын ұстанған университеттің ғылыми кітапханасының жалпы қоры қазақ, орыс және шет тілдеріндегі 400 000-ға жуық оқу-әдістемелік құжаттар мен оқулықтар және мерзімді басылымдарды құрайды.  

    Ғылыми кітапхана қызметінің басты мақсаты жоғары білім беру субъектілерінің – білім алушылардан бастап университеттің білім беру және ғылыми қызметін жүзеге асыратын профессор-оқытушылық құрам мен қызметкерлерге дейінгі қажеттіліктерін ақпараттық қамтамасыз етуді дұрыс ұйымдастыру болып табылады.

    Кітапхананың миссиясы – әр қолданушыға олардың білім беру, ғылыми және кәсіби қызметіне ықпал ететін кез-келген ақпараттық ресурстарға сапалы және тиімді қол жетімділікті қамтамасыз ету.

    Кітапхана қоры университет бейініне сәйкес кітаппен қамтамасыз ету картотекасы, білім беру бағдарламаларының оқу жоспарлары, факультеттер ұсынған оқу әдебиеттерінің тізімдері, университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары негізінде, сондай-ақ оқырман сұраныстары ескеріле отырып жинақталады.

    «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеу бойынша қойылған міндетке байланысты университет кітапханасында цифрлық технологияларды қалыптастыру шеңберінде ең көп сұралатын оқулықтарды сақтау және цифрлық форматқа көшіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

    Пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін жедел қанағаттандыру үшін әдебиеттерді каталогтау «КАБИС» автоматтандырылған кітапханалық - ақпараттық жүйесінің электрондық каталогында жүзеге асырылады. Электрондық каталог анықтамалық-іздеу функцияларының барлық түрлерін орындайды.

    Университеттің оқытушылары, білім алушылары мен ғылыми қызметкерлері  Scopus, Polpred, Willey, «ПАРАГРАФ» ақпараттық жүйесі сияқты компаниялардың деректер базасының қызметтерін пайдалана алады, сондай-ақ республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электрондық кітапхана жүйесі қолжетімді.

    Кітапхана қызметінің негізгі бағыттарының бірі мәдени-ағарту жұмысы болып табылады, ол әртүрлі кітапханалық бұқаралық іс-шараларды: оқырман конференциялары, әдеби-ағарту іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуді, композициялық кештер, дөңгелек үстелдер, кітаптардың тұсаукесерлері, ақпарат күндері және т. б қамтиды.

    Кітапхана қызметкерлері бірінші курс білім алушыларына ерекше көңіл бөледі.

    Әр оқу жылының басында бірінші курс білім алушыларының айлығы өтеді, оған келесі іс-шаралар кіреді: оқырман формулярын толтыру, кітапхана бойынша экскурсия және кітап қорын пайдалану ережелері.

    С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Ғылыми кітапханасына қош келдіңіздер.



    Ғылыми кітапхананың мекен-жайы:


    Қазақстан Республикасы, 060027 Атырау қ., Баймұханов к-сі 45а

    E-mail: aogu.library@aogu.edu.kz

    Ғылыми кітапхананың жұмыс регламенті:

    ДҮЙСЕНБІ-ЖҰМА: 9.00-ден 18.30-ға дейін

    СЕНБІ-ЖЕКСЕНБІ: демалыс күндері


    RU KK  EN