Халықаралық білім беру бағдарламалары және академиялық ұтқырлық басқармасы

Басшысы - Турдагалиева Алмагуль Жексеновна

e-mail: a.turdagaliyeva@aogu.edu.kz 

Халықаралық білім беру бағдарламалары және академиялық ұтқырлық басқармасы 2015 жылдың наурыз айында құрылған Атырау Мұнай және газ университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оның қызметі білім беру бағдарламаларын қамтамасыз етуге, қазақстандық нарықта жоғары сапалы халықаралық білім беру қызметтерін ұсынатын ЖОО имиджін құруға және қолдауға бағытталған. Халықаралық білім беру бағдарламалары және халықаралық ынтымақтастық басқармасының міндеттері:

  • шетелдік білім беру ұйымдарымен және мекемелерімен халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
  • жоғары техникалық білім берудің бірлескен білім беру бағдарламаларының жобаларын іске асыру;
  • студенттердің халықаралық және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру;
  • студенттердің халықаралық және ішкі академиялық ұтқырлығы бағдарламаларын жүзеге асыру;
  • жетекші әлемдік жоғары оқу орындарынан шетелдік ғалымдарды шақыру бағдарламаларын жүзеге асыру және үйлестіру;
  • студенттерге, қызметкерлерге және профессор-оқытушылар құрамына бағдарланған тілдік базаны құру: итальян және ағылшын тілдері клубы.

 

Халықаралық білім беру бағдарламалары және академиялық ұтқырлық басқармасы бірнеше бағытта жұмыс істейді:

  • студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамының ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлығы;
  • академиялық ұтқырлық аясында «ҚР жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдарды шақыру» бағдарламасына қатысу;
  • ағылшын тілді бөлімдер: «Мұнай-газ ісі», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Автоматтандыру және басқару», «Электр энергетикасы»;
  • тілдік клубтар: «English club» ағылшын тілі клубы және «Parli Italiano» итальян тілі клубы;
  • оқу, ғылыми, әдістемелік жұмысты жүзеге асыру бойынша жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарымен, мемлекеттік ұйымдарымен ұзақ мерзімді көпжақты байланыстар орнату;
  • серіктес жоғары оқу орындарымен ғылым және білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық, ТМД және шет елдердің ғылыми ұйымдарымен ғылыми ынтымақтастық орнату;
  • Каспий маңы елдерінің университеттері қауымдастығының XXI Бас Ассамблеясын өткізуді ұйымдастыру.

Ағылшын тілді бөлім

 

Мамандықтар:

  • Мұнай-газ ісі (Мұнай-газ факультеті);
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы (Индустриялды-технологиялық факультеті);
  • Автоматтандыру және басқару (Экономика, бизнес және ақпараттық технологиялар факультеті);
  • Электр энергетикасы (Индустриялды-технологиялық факультеті).

Оқыту мерзімі: 4 жыл және 3 жыл (орта кәсіби білімнен кейінгі).

Мемлекеттік грант бойынша орындар бар және ақылы негізде оқу орындары бар.

Язык обучения: негізгі пәндер ағылшын тілінде, қосымша пәндер қазақ және орыс тілдерінде оқытылады.  

Оқытушылар: АтМГУ оқытушылары және серіктес ЖОО-дан шақырылған шетелдік ғалымдар.

Ағылшын тілді бөлім студенттерінің «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша шет елдерде оқу мүмкіндігі бар (Чехия, Польша, АҚШ, Италия, Ресей, Әзірбайжан).

Оқу аяқталғаннан кейін мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі, оқу тілі транскрипте көрсетіледі.

Атырау мұнай және газ университетінің ағылшын тілді бөлімі түлектерінің қазақстандық және шетелдік компанияларда жақсы және перспективалы жұмыс табуға мүмкіндігі бар.

 

Каспий маңы елдерінің университеттері қауымдастығының XXI Бас Ассамблеясы

Ассамблея қатысушылары:

  1. Әзірбайжан техникалық университеті
  2. Баку мемлекеттік университеті
  3. Сумгаит мемлекеттік университеті
  4. Гилян университеті
  5. Гилян медицина ғылымдары университеті
  6. Мазандаран университеті
  7. Имам Хомейн атындағы халықаралық университет
  8. Тарбиат Модарес университеті
  9. Астрахань мемлекеттік университеті
  10. Астрахань мемлекеттік техникалық университеті
  11. Б.Б.Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университеті
  12. Астрахан мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті
  13. Дағыстан мемлекеттік педагогикалық университеті
  14. Дағыстан мемлекеттік университеті
  15. Дағыстан Республикасының қолданбалы экология институты
  16. Каспий теңіз және өзен көлігі институты
  17. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
  18. Атырау инженерлік-гуманитарлық институты
  19. Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
  20. Атырау мұнай және газ университеті
RU KK  EN