Құрметті әріптестер!

Сіздерді 1 қазан – Жоғары білім қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн – еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек етіп жүрген білім және ғылым саласы қызметкерлеріне көрсетілер құрметтің айғағы.

Қажырлы еңбектеріңіз, кәсіби біліктіліктеріңіз бен жастарға деген жанашырлықтарыңыз білім ордасының беделін арттырып, өскелең ұрпаққа сапалы білім беруге жол ашып келеді.

Ұжымымыздың әрбір мүшесіне зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс және кәсіби жетістіктер тілейміз.

Еңбектеріңіз жемісті болып, шәкірттеріңіздің толағай табыстары әрдайым қуаныш сыйлай берсін!

Жоғары білім қызметкерлері күні
RU KK  EN