С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті мен Пекин мұнай университеті меморандумға қол қойды

Бүгін Астанада өткен «Қазақстан — академиялық білім аймағы» халықаралық стратегиялық серіктестер форумы аясында С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті мен Пекин мұнай университеті (ҚХР) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Құжаттың негізгі мақсаты — академиялық алмасу, ғылыми-зерттеу қызметі және мұнай-газ саласына инновациялық шешімдерді енгізу бағытында ынтымақтастықты дамыту.

Әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен серіктестік орнату студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, халықаралық академиялық қауымдастықты нығайта түседі.

С.Өтебаев университеті мен Пекин мұнай университеті арасындағы меморандум
RU KK  EN