UTEBAYEV UNIVERSITY – Digital Bridge 2025 аясында

Еліміздің ең ірі IT-форумының стартап-аллеясында UTEBAYEV UNIVERSITY-дің AI Hub орталығында студенттер әзірлеген бірегей жобалар ұсынылуда.

Бес инновациялық AI-жобаны атап өтсек:

  • Қабылдау комиссиясының чат-боты – талапкерлер мен ата-аналарға тәулік бойы кеңес беретін ақылды көмекші.
  • EduAvatar цифрлық аватарлары – студенттер мен оқытушыларға жеке білім траекториясын құруға мүмкіндік беретін интерактивті жетекшілер.
  • EduData Insight деректерді талдау жүйесі – оқу үдерісін талдауға, визуализация жасауға және басқарушылық шешімдер қабылдауға арналған құрал.
  • «AI-Программист» оқыту модулі – студенттердің деңгейіне қарай тапсырмалар ұсынып, алгоритмдер мен код жазуға үйрететін интеллектуалды бағдарлама.
  • Оқытушының AI-көмекшісі – оқу материалдарын әзірлеуді, тесттер құруды және студенттердің жұмыстарын тексеруді автоматтандыратын заманауи шешім.

Бұл жобалар – Атырау мұнай және газ университеті студенттерінің білім беру саласын жаңа деңгейге шығаратын, цифрлық трансформацияға үлес қосатын нәтижелері.

«UTEBAYEV UNIVERSITY студенттері – болашақтың инноваторлары. Бүгінгі таныстырылған жобаларымыз жасанды интеллектті білім беру жүйесіне енгізудің нақты мысалы. Біздің мақсатымыз – жастарды жаңа технологияларды қолдануға ғана емес, оны дамытуға үйрету. Осылайша, біз еліміздің цифрлық болашағына өз үлесімізді қосып отырмыз», – деді университет ректоры Гүлзада Шакуликова.

UTEBAEV UNIVERSITY Digital Bridge 2025
RU KK  EN