Бүгін университетімізде Геолог күні – кәсіби мереке аталып өтуде.
Студенттер көрнекті геолог, ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан мұнайшы-геологтар қоғамының президенті Балтабек Қуандықовпен кездесті.
Балтабек Мұханұлы – Қарашығанақ, Кенбай, Жаңажол, Әлібекмола, басқа да ірі мұнай-газ кен орындарының ашылуына үлес қосқан тұлға. Болашақ мұнайшы, геологтарға саладағы тәжірибесімен, маңызды кеңестерімен бөлісіп, студенттерді ғылым мен өндірісте биік белестерді бағындыруға жігерлендірді.
-Сіздер – болашақ геологтар мен мұнайшыларсыздар, еліміздің мұнай-газ саласының болашағы өздеріңіздің қолдарыңызда. Жетістікке жету үшін үздіксіз білім алып, ғылымды, технологияны терең меңгеру маңызды. Әр қадамда шыдамдылық пен табандылық танытып, мақсатқа жетуге ұмтылыңыздар», – деді Балтабек Мұханұлы.
Кездесуге сонымен қатар қоғам қайраткері, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, профессор Айтиева Нұрлы Тельманқызы, университет ректоры Шакуликова Гүлзада Тәңірбергенқызы қатысты.
Utebayev University студенттерге сапалы білім мен тәжірибелі мамандардың кеңесін ұсынуға тырысады, мұндай кездесулер жастардың ғылым мен өндіріс саласында табысқа жетуге деген ынтасын арттырады.