UTEBAYEV UNIVERSITY – Қазақстан-Қытай халықаралық инженерлік мектебі және бірлескен зертхана
Жаңа мектеп Қытай Халық Республикасының студенттеріне қос диплом алуға бірегей мүмкіндік береді – қазақстандық және қытайлық университеттердің дипломы қатар табысталады. Бұл болашақ инженерлерге екі елдің үздік білім беру тәжірибесін ұштастыра отырып, іргелі дайындық пен заманауи қолданбалы білімді меңгеруге жол ашады, — деп атап өтті UTEBAYEV UNIVERSITY ректоры Гүлзада Шакуликова.
Тараптар білім беру бастамаларымен қатар мұнай-химия инженериясы саласында халықаралық бірлескен ғылыми зертхана құруға уағдаласты. Бұл орталық Қазақстан мен Қытайдың ғалымдарын, сарапшыларын және студенттерін тоғыстыратын алдыңғы қатарлы зерттеу мен инновация орталығы болады. Зертхана жаңа технологияларды дамытуға, білім алмасуға және энергетика саласындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға бағытталады.
Сапар барысында China University of Petroleum – Beijing басшылығымен де келіссөздер өтті. Вице-президент Чжан Гуанцин мен университет президенті, профессор Цзинь Янь ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілік танытып, жаңа серіктестік бағыттарын айқындады.