«ҚазМұнайГаз» өкілдері Utebayev University оқу полигонында болды

Бүгін Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіне «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин мен Арманбай Сапарбайұлы Жұбаев жұмыс сапарымен келді.

Құрметті қонақтарды университеттің Басқарма төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликова және «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры Ринат Ізмұханбет қарсы алды. Делегация университеттің оқу полигонымен, студенттердің тәжірибелік дағдыларын дамытуға арналған заманауи оқу-зертханалық инфрақұрылыммен танысты.

Сапар барысында қонақтар техника қауіпсіздігі кабинетімен, химиялық талдау зертханасымен, өндірістік және механикалық өңдеу алаңдарымен танысып, полигонның әлеуетіне жоғары баға берді.

KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары, ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшесі Ұзақбай Қарабалин университеттің мұнай-газ саласына білікті мамандар даярлаудағы маңызды рөлін атап өтіп, оқу полигонының дамуына алдағы уақытта да қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Бұл жоба – еліміздегі жоғары оқу орындары арасында алғаш рет жүзеге асқан бастама. «Ембімұнайгаз» АҚ қолдауымен ашылған индустриалды-инновациялық оқу полигоны мұнай-газ саласына қажетті инженерлік және техникалық кадрларды тәжірибелік тұрғыда даярлауға бағытталған.

ҚазМұнайГаз өкілдері университетте ҚазМұнайГаз өкілдері университетте ҚазМұнайГаз өкілдері университетте ҚазМұнайГаз өкілдері университетте ҚазМұнайГаз өкілдері университетте
RU KK  EN