Болашақ инженерлерге арналған мүмкіндік: Атырау облысы әкімдігі 5 білім грантын ұсынады
Атырау облысы әкімдігі 2025–2026 оқу жылына талантты жастарға 5 білім грантын бөлді. Бұл гранттар С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің «Материалтану және жаңа материалдар технологиялары» бағдарламасына беріледі.
Қазіргі таңда материалтану — ғылыми-техникалық прогрестің маңызды қозғаушы күші. Бұл сала мамандары жаңа материалдар жасап, оларды өндіріс пен техникаға енгізу арқылы инновациялық шешімдер ұсынады. Энергетика, құрылыс, мұнай-газ, машина жасау, тіпті медицина салаларында материалтанушылардың еңбегі өте қажет.
Мемлекеттік тапсырыс негізінде бөлінген грант иелері толық тегін білім алады. Сонымен қатар, университет жатақханамен қамтамасыз етіп, қосымша шәкіртақы мен тәжірибелік оқу базаларында білім алу мүмкіндігін ұсынады.
Құжат қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 5–10 тамыз аралығы
Құжаттарды онлайн тапсыру: eatyrau.kz сайты арқылы
Нәтижелер жариялану уақыты: 25 тамыз
UTEBAYEV UNIVERSITY-пен бірге табысты инженерлік мансап құру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!