Digital Bridge 2025 форумында ЖИ дамыту жөніндегі кеңес өтті

Астанада өтіп жатқан «Digital Bridge 2025: Generative Nation» форумында Мемлекет басшысының қатысуымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Кеңес барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Интеллектке инвестицияларды тарту: ЖИ дәуіріндегі кадрлық капиталды қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады. Министр Қазақстанның кадрлар даярлау, зерттеу инфрақұрылымын дамыту және қазақ тілін цифрлық дәуірде ілгерілету стратегиясын таныстырды.

Министрліктің стратегиясының негізгі бағыттары:

  • жасанды интеллект үшін кешенді кадр даярлау жүйесін құру;
  • институционалдық және академиялық базаны күшейту;
  • халықаралық әріптестікті дамыту;
  • инфрақұрылым мен зерттеу әлеуетін нығайту;
  • ірі тілдік модельдерді (LLM) әзірлеуге басымдық беру.

Бүгінде Қазақстанда ашылған шетелдік 40 филиалдың 12-сі жасанды интеллект пен киберқауіпсіздік бағытында білім беруде. Олардың қатарында Cardiff University, City University of Hong Kong, University of Minnesota, SeoulTech, Heriot-Watt, Coventry University Kazakhstan және University of Arizona филиалдары бар.

Қазіргі таңда еліміздегі барлық университеттерде жасанды интеллект бойынша міндетті курс енгізіліп, жаңа білім беру бағдарламалары іске қосылды. AI-Sana ұлттық бағдарламасы жүзеге асуда. Студенттер мен оқытушылар инновациялық ЖИ-жобаларды әзірлеуге белсене қатысып жатыр.

Digital Bridge 2025 форумы Қазақстанның жасанды интеллект саласында өңірлік көшбасшы екенін тағы да дәлелдеп, мемлекет, бизнес, ғылым және халықаралық серіктестерді біріктіретін ашық пікірталас алаңы ретіндегі мәртебесін айқындады.

Digital Bridge 2025 AI Council Digital Bridge 2025 AI Council Digital Bridge 2025 AI Council Digital Bridge 2025 AI Council
RU KK  EN