UTEBAYEV UNIVERSITY индустриалды-инновациялық оқу полигонында Ашық есік күні өтті
Өткен жылдың қараша айында құрылысы басталған полигон бүгінде толық пайдалануға беріліп, өңірдегі инженерлік білім мен ғылыми-инновациялық инфрақұрылымның жаңа белесін ашты.
Іс-шараға қала басшылығы, сала ардагерлері, серіктес кәсіпорындар мен шетелдік қонақтар қатысты. Университет ректоры Гүлзада Шакуликова жаңа полигонның білім мен өндірісті ұштастырудағы стратегиялық маңызын атап өтті.
Полигон заманауи зертханалармен, тәжірибелік қондырғылармен және инновациялық шешімдерді сынау алаңдарымен жабдықталған. Басты мақсат – жоғары тұтқырлы мұнайды өндіру мен өңдеуде жаңа технологияларды меңгерген бәсекеге қабілетті инженер мамандарды даярлау.
Іс-шара барысында студенттерге AVC қайырымдылық қорының атаулы стипендиялары табысталды, ал университеттің дамуына үлес қосқан ұстаздар мен серіктестер алғыс хаттармен марапатталды.
🔹 Инновациялық орталық өңірдің ғылыми және өндірістік әлеуетін арттырып, отандық инженерияның жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған.