Бүгін UTEBAYEV UNIVERSITY-де қызметкерлер мен оқытушыларға арналған «Күйзелісті басқару» тақырыбында тренинг өтті. Тренингті тәжірибелі маман, психотерапевт, ICF коучы, психолог және бизнес-тренер Айнұр Ботаханова жүргізді.

Кәсіби салада ұзақ жылдар бойы еңбек ететін адамдар үшін эмоционалдық күйзеліс пен жұмысқа деген мотивацияның төмендеуі – жиі кездесетін жағдай. Осы мәселенің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған бұл тренинг университет ұжымына өз денсаулығы мен эмоционалдық жағдайына назар аударуға мүмкіндік берді.

Тренинг барысында қатысушылар:

— эмоциялық күйзелістің алғашқы белгілерін қалай анықтауға болатынын;

— энергияны қалпына келтіру мен ішкі ресурсты толтыру әдістерін;

— жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың тиімді жолдарын меңгерді.

Айнұр Ботаханова тренингті интерактивті форматта өткізіп, теориялық мәліметтермен қатар практикалық жаттығулар жасатты. Қатысушылар өз ойларын еркін білдіріп, тәжірибе алмасты.

Бұл іс-шара – университет ұжымының кәсіби және тұлғалық дамуына бағытталған қолдаудың бір көрінісі.

Фото 1 Фото 2 Фото 3 Фото 4
RU KK  EN