UTEBAYEV UNIVERSITY Хуанхэ университетімен әріптестікке жол ашты
Қытай Халық Республикасының Хэнань провинциясы, Чжэнчжоу қаласында орналасқан Хуанхэ ғылым және технология университетінің делегациясы Атырауға ресми сапары барысында UTEBAYEV UNIVERSITY-ге келді.
Делегацияны университет президенті Ху Шичиань басқарды. Сонымен қатар кездесуге Қытай халықаралық білім беру қорының төрағасы Чиа Хонгбо қатысты.
Кездесу аясында екі университет арасында ынтымақтастық орнату, академиялық алмасу, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар құрамының халықаралық бағдарлама аясындағы байланысын дамыту мәселелері талқыланды.
— Атырау мұнай және газ университеті халықаралық ынтымақтастықты стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде қарастырады. Әсіресе ғылым мен технологияда озық жетістіктерге жеткен Қытай секілді елмен әріптестік орнату — үлкен мүмкіндік деп санаймыз. Өзара тиімді, ұзақ мерзімді және нәтижелі байланыс орнатуға дайынбыз, — деп атап өтті UTEBAYEV UNIVERSITY ректоры Гүлзада Шакуликова.