Бүгін Атырау қаласында еліміздегі маңызды білім алаңы – «Study in Kazakhstan» көрмесі өз жұмысын бастады!/p> ⠀
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен өткен бұл іс-шара Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Жайық» спорт кешенінде ұйымдастырылды./p> ⠀
UTEBAYEV UNIVERSITY де көрмеден өз орнын алып, талапкерлерге университеттің басым бағыттары; Жаңа білім беру бағдарламалары; Халықаралық серіктестіктері мен жобалары туралы жан-жақты ақпарат ұсынуда.
⠀Көрмеге еліміздің 40-тан астам жоғары оқу орны қатысып, 1000-нан астам мектеп бітіруші түлек пен ата-ана ақпарат алды. Көрме жұмысы ертең де жалғасады.