Университетте бірінші курс студенттерін ресми қабылдау салтанаты өтті

Utebayev University қабырғасында бірінші курс студенттерін ресми түрде қабылдау салтанаты өтті — бұл университет ұжымы үшін ерекше әрі қуанышты сәт болды. Бұл күн – жаңа армандардың бастауы, үлкен жетістіктерге бастайтын алғашқы қадам.

Іс-шараға еліміздің серіктес ұйымдарымен қатар шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері де қатысты. Атап айтқанда, Қытай мұнай университеті (Бейжің) Экономика және менеджмент мектебінің деканы Ван Цзяньлян, Қолданбалы экономика кафедрасының директоры Фэн Ляньюн, Экономика және менеджмент институтының докторанты Чжу Цзиньхун және Малайзия Ғылымдар университетінің (Universiti Sains Malaysia) оқытушысы Dr. Mohd Ridhwan Adam.

Салтанатты шараның құрметті қонақтары қатарында «Сазанқұрақ» компаниясы директорының орынбасары Арман Кунтаев пен Freedom Bank Атырау филиалының директоры Бауыржан Молдашев болды. Олар студенттерге жылы лебіздері мен сәттілік тілектерін жеткізді.

Биылғы ерекше сәт – И. М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті филиалының студенттеріне студенттік билеттердің табысталуы болды. Бұл — Қазақстан мен Ресей арасындағы табысты халықаралық серіктестіктің нақты нәтижесі.

Сонымен қатар, салтанатты кеш барысында Utebayev University-дің жаңа әнұраны алғаш рет орындалды. Ән мен сөзін белгілі ақын Нұржан Өмірбай жазған бұл туынды университет тарихындағы маңызды оқиғаға айналды. Әнұран оқу орнының рухы мен бірлігін бейнелеп, тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді.

Utebayev University студенттері, қош келдіңіздер! Білімге бастар жолдарыңыз сәтті, болашақтарыңыз жарқын болсын!

Қабылдау салтанаты Қабылдау салтанаты
RU KK  EN