UTEBAYEV UNIVERSITY ұжымы Президент Жолдауын тікелей эфирден тыңдады

Бүгін UTEBAYEV UNIVERSITY ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын тікелей эфирден тыңдады.

Президент Жолдауында еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси даму басымдықтары кеңінен қамтылып, білім мен ғылым, энергетика мен геология, цифрландыру, мәдениет пен спорт салаларын жан-жақты дамыту ұлттық стратегиялық дамудың негізгі тетігі екені айтылды.

Мемлекет басшысы білім беру сапасын арттыру, заманауи инженерлік кадрларды даярлау, жоғары технологияларды енгізу мен қолдану, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыратын басты факторлардың бірі екенін ерекше атап өтті.

Энергетика, мұнай-газ және техникалық бағыттар бойынша мамандар даярлайтын еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде UTEBAYEV UNIVERSITY бұл міндеттерді жүзеге асыруға белсенді атсалысуға дайын. Университетіміз үшін негізгі басымдықтар – білікті инженерлер даярлау, сапалы білім беру жүйесін жетілдіру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне үлес қосу, сондай-ақ цифрлық трансформация мен жасанды интеллектке негізделген білім беру модельдерін енгізу болып табылады.

Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық мақсаттарды орындау жолында UTEBAYEV UNIVERSITY ұжымы өз кәсіби әлеуетін толықтай жұмылдырып, ел дамуына лайықты үлес қосуға әзір.

Президент Жолдауын тыңдау Президент Жолдауын тыңдау Президент Жолдауын тыңдау
RU KK  EN