Utebayev University энергетика саласындағы әйелдер көшбасшылығын дамытуға бағытталған MBA бағдарламасының түлектері жоғары білімі мен кәсіби дағдысын растайтын дипломдарын алды. Бұл бағдарламаның мақсаты – әйелдерді энергетика саласындағы жетекші позицияларға даярлап, басқарушылық қабілетін нығайту.
Бағдарлама аясында білім алған тыңдаушылар қазіргі заманғы энергетика кешеніндегі күрделі мәселелерге шешім табуды және әлемдік стандарттарға сай инновациялық басқару әдістерін, стратегиялық жоспарлау мен жобаларды басқару дағдыларын меңгерді.
Энергетика саласындағы әйелдер көшбасшылығы МВА бағдарламасы - әйелдерге кәсіби даму мен мансап жолында жаңа мүмкіндік ашатын бірегей бастама.
Utebayev University білім мен тәжірибе арқылы энергетика саласындағы әйелдердің жаңа буынын тәрбиелеуді мақсат етеді. Біз сіздерге жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз! Толық ақпарат үшін: +7757540117