Бүгін С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликова бастаған университет ұжымы “Жеңіс саябағына” барып, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Бұл – ерлік пен батырлықтың мәңгілік символына айналған ардагерлерімізге көрсетілген құрметтің белгісі. Олардың жанқияр ерлігі мен отансүйгіштігі – әрдайым жүрегімізде!