Қазақстан мұнай-газ саласының көрнекті қайраткері, геология-минерология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген геологы, «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Балтабек Мұқанұлы Қуандықовтың дүниеден озғаны туралы ауыр қайғылы хабарды күйзеле қабылдадық.

Балтабек Мұқанұлы – бүкіл саналы ғұмырын еліміздің жер қойнауын зерттеуге, ұлттық мұнай-газ саласын дамытуға арнаған бірегей тұлға. Ол – көрнекті ғалым, білікті ұйымдастырушы, отандық геология ғылымының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан азамат.

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің дамуына зор қолдау көрсетіп, жастарға жол ашқан, ғылым мен өндірісті ұштастырған парасатты тұлға ретінде есімізде мәңгі сақталады.

Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Иманы саламат, жатқан жері жайлы, жаны жәннатта болсын.

Фото 1 Фото 1 Фото 1 Фото 1
RU KK  EN