Домбыра үнімен басталған танымдық күн

Жазғы индустриалды мектеп аясында Қытай мен Ресейден келген студенттер үшін ерекше, әсерлі күн ұйымдастырылды — Домбыра күніне арналған мәдени бағдарлама өтті.

Бағдарлама барысында:

  • Қазақтың жаны — домбыраның шығу тарихы мен маңызын таныстыратын қызықты әңгімелер айтылды;
  • Домбыра мен қазақ халқының рухани тұтастығы жайлы терең ойлар қозғалды;
  • Қонақтар тірі орындаудағы ұлттық күйлерге куә болып, шебер орындаушылардан шеберлік сағаттарына қатысты;
  • Бағдарлама дәмді сәтпен жалғасты — қазақтың ұлттық тағамдары қалай әзірленетінін көріп, дәмін татып көрді.

Бұл тағылымды шараның басты мақсаты — шетелдік жастарға қазақ халқының бай мәдениетін, жүрекке жететін өнерін және қонақжай рухын таныстыру.

Домбыраның күмбірі мен қазанда қайнаған тағамның иісі жүректерді баурап, әрбір қатысушының көңілінде қазақ мәдениетіне деген жылы сезім қалдырды.

Айта кету керек, бүгінде Қытайдың және Ресейдің Түмен қаласынан келген 40 студент Атырауда тағылымдамадан өтуде. Домбыра күні — олардың ұлттық рухпен жақын танысқан әсерлі сәттерінің бірі болды.

Фото 1 Фото 1 Фото 1
RU KK  EN