С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде «Жазғы индустриялық мектеп – 2025» өз жұмысын табысты аяқтады

Биылғы бағдарлама еліміздегі жетекші жоғары оқу орындары – Назарбаев университеті, ҚБТУ, Satbayev University студенттерімен қатар, Қытай, Ресей және Әзербайжаннан келген 33 шетелдік студентті біріктірді.

Шетелдік серіктес оқу орындары қатарында:

  • Тюмень мемлекеттік университеті
  • Тюмень индустриялық университеті
  • Астрахан мемлекеттік техникалық университеті
  • Қытайдың Қарамай мұнай университеті

Бағдарлама аясында қатысушылар 18 кәсіпорын, 2 зауыт және 2 мұнай кен орнында өндірістік танысу тәжірибесінен өтті. Университеттің индустриялық мәртебесі мен дуалды білім беру жүйесі студенттерге академиялық білім мен нақты өндірістегі тәжірибені ұштастыруға мүмкіндік берді.

Жазғы мектеп тегін ұйымдастырылды. Бұл бастама Ембімұнайгаз, Болашақ, КМГ Инжиниринг, Теңізшевройл, Schlumberger, KPI, АМӨЗ, NCOC, Worley Parsons, КМГ Бұрғылау сынды серіктестеріміздің қолдауымен іске асты.

Қорытынды сәтте қатысушыларға сертификаттар табысталды. Аймақтық индустриялық білім мен халықаралық танымалдылықты арттыру жолындағы қолдаулары үшін барлық әріптестерімізге зор алғыс білдіреміз!

Фото 1 Фото 1 Фото 1 Фото 1
RU KK  EN