UTEBAYEV UNIVERSITY және BI Group стратегиялық келісімге қол қойды

Бүгін университетіміз үшін маңызды қадам жасалды – біз BI Group құрамына кіретін BI Development компаниясының жобалар директоры Руслан Мерғалимовпен стратегиялық маңызы бар ынтымақтастық туралы келісімге қол қойдық.

Бұл келісім білім мен тәжірибені ұштастырып, заманауи жобаларды бірлесе жүзеге асыруға, студенттеріміздің кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге және жаңа бастамаларға жол ашуға бағытталған.

Университет пен ірі құрылыс холдингі арасындағы әріптестік еліміздің инновациялық дамуына қосқан үлесімізді арттыра түсетініне сенімдіміз.

Ынтымақтастық аясында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуі, оқу процесіне инновациялық және цифрлық технологияларды енгізу, сондай-ақ құрылыс және инженерлік салаға қажет білікті кадрларды даярлау жоспарланып отыр.

Бүгінде біздің университеттің студенттері BI Intern бағдарламасы арқылы компания жобаларына қатысып, құнды тәжірибе жинақтап жатыр. Бұл – студенттеріміздің еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына үлкен мүмкіндік.

UTEBAYEV UNIVERSITY UTEBAYEV UNIVERSITY UTEBAYEV UNIVERSITY UTEBAYEV UNIVERSITY UTEBAYEV UNIVERSITY
RU KK  EN