UTEBAYEV UNIVERSITY Оқырмандар клубының ұйымдастыруымен кезекті әдеби кездесу өтті. Бұл жолғы басқосу Санжар Керімбайдың «Қаныш және ғылыми майдан» еңбегіне арналды. Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылған бұл конференцияға «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының мүшелері Жанар Сиден мен Ертай Тұрсын арнайы шақырылып, студенттер мен оқытушылармен еркін форматта пікір алмасты.

Кездесуге университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білімгерлері де белсенді қатысып, тарихи еңбектегі ғылыми тұжырымдар мен архивтік деректерге назар аударды.

Оқырмандар кездесуінде қатысушылар кітаптың мазмұнын, тарихи кезеңдегі оқиғаларды, Сәтбаевтың ғылыми мұрасын жан-жақты талқылап, көзқарастарымен бөлісті.

-Университетте Оқырмандар клубының жұмысы тек кітап талдаумен шектелмейді. Бұл – ұлттық сананы жаңғырту, жастарды терең пайым мен тарихи зердеге баулу жолындағы қызметіміздің бір бөлігі. Клуб алдағы уақытта да ел тарихы мен ғылымына қатысты тағылымды еңбектерді талқылауды жалғастырады, - деп атап өтті UTEBAYEV UNIVERSITY ректоры Гүлзада Шакуликова.

Фото 1 Фото 2
RU KK  EN