Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтті. -Ең алдымен бүгін Амал күні баршаңызға құтты болсын дегім келеді. Қыстан аман-есен шығып, ағайын-бауырмен көрісу – ежелден келе жатқан ата дәстүріміз. Бұл күн – әз-Наурыздың бастауы. Еліміздің төл мерекесі биыл да қасиетті Ораза айына орайлас келіп отыр. Қастерлі мейрамдарымыз халқымызды игі амалдар жасауға үндейді. Асыл қасиеттерімізді кеңінен дәріптейді. Құрылтайдың ұлық мерекелермен қатар өтіп жатқаны – жақсылықтың нышаны», – деді Қ.Тоқаев.
Келелі жиында Мемлекет басшысы соңғы үш жыл ішінде жасалған ауқымды реформаларға тоқталды және алдағы уақытта атқарылатын маңызды жұмыстарды атап өтті.
Болашағы жарқын ел болу – ортақ мақсат. Ұлттық құрылтай – сол мақсатқа бастайтын маңызды қадам!