Utebayev University-де «Студенттік көктем» фестивалі өтті
Бұл күн өнер мен шығармашылықтың, достық пен жігердің мерекесіне айналды.
Фестиваль аясында ән мен би, театрландырылған қойылымдар, көркемсөз оқу және авторлық шығармалар ұсынылып, студенттік клубтардың арнайы қойылымдары сахналанды.
Жастардың креативі мен таланты, сахнадағы шынайы эмоциялар көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Фестиваль қорытындысы бойынша:
Цифрлық креатив номинациясы – Ақпараттық технологиялар факультетіне
Эко-өнер номинациясы – Н.К. Нәдіров атындағы Мұнай-химия инженериясы және экология институтына
Заманауи өнер номинациясы – Индустриалды-технологиялық факультетіне
Сахна шеберлігі номинациясы – Мұнай-газ факультетіне берілді.
Жоғары деңгейде өнер көрсеткен Н.К. Нәдіров атындағы Мұнай-химия инженериясы және экология институтының студенттері жүлделі бірінші орынды иеленді.
Utebayev University – шығармашыл жастардың ордасы.