Университет кітапханасы жаңа рухани туындымен толықты

Университет кітапханасы белгілі қаламгер, әдебиетші Бисенбай Бисенғалиевтің құнды еңбегі – «Жақсыдан шарапат» кітабымен толықты.

Бұл туынды – ғұмыры қысқа болғанымен, халқының жүрегінде мәңгілік із қалдырған Балтабек Мұқанұлы Қуандықовқа арналған рухани ескерткіш. Автор еңбегінде тұлғаның өмір жолын, адами болмысын терең бейнелей отырып, оқырманды ізгілікке, мейірімге, уақыттың қадірін білуге шақырады.

Кітаптың мазмұны жас ұрпаққа өнеге боларлық тағылымға толы. Ол жастарды өмірге құштарлықпен қарауға, адамгершілік пен қайырымдылықтың мәңгілік құндылық екенін сезінуге жетелейді.

Электронды нұсқасы: https://t.me/aogu_library/57

Кітапханаға сыйланған жаңа кітап
RU KK  EN