«ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025» конкурсының іріктеу комиссиясының отырысы

2025 жылғы 17 қарашада С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025» конкурсының ішкі кезеңіне қатысушыларды іріктеу мақсатында іріктеу комиссиясының отырысы өтті.

Отырысқа комиссия төрайымы, мүшелері және хатшысы қатысты. Эксперттік топтың қорытындылары негізінде үміткерлердің құжаттары мен бағалары «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларына сәйкес қаралды.

Талқылау нәтижесінде комиссия қағидалар талаптарына сәйкес деп танып, келесі оқытушыларды II (республикалық) кезеңге ұсынды:

Утенова Б.Е., қауымдастырылған профессор, ақпараттық технологиялар факультеті — 51 балл;
Сулейменова Р.Т., қауымдастырылған профессор, мұнай-газ факультеті — 74 балл.

Комиссия ұсынылған үміткерлердің құжаттарын белгіленген мерзімде ҚР Білім және ғылым министрлігіне ІС МОН РК арқылы жіберуді тапсырды.

Сонымен қатар отырыс хаттамасын және нәтижелерін университеттің ресми интернет-ресурсында жариялау туралы шешім қабылданды.

📄 №1 хаттама. Іріктеу комиссиясының «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025» конкурсының ішкі кезеңіне қатысушыларды іріктеу бойынша отырысы

📄 Сараптама тобының құрамын бекіту туралы №67 бұйрық

📄 Комиссия құру туралы №66 бұйрық

Комиссияның отырысы суреті
RU KK  EN