Бүгін университеттің бірінші және жоғары курстары студенттерінің кездесуі өтті. «Қалай табысты студент болуға болады?” тақырыбындағы іс-шара студенттік өмірдегі ең өзекті мәселелердің бірі – білім алу процесінде жетістікке жету жолдарын талқылауға арналды.

Кездесу барысында жоғары курс студенттері өз тәжірибелерімен бөлісіп, бірінші курс студенттеріне құнды кеңестер берді. Оқу барысында кездесуі мүмкін қиындықтарды жеңу жолдары; тайм-менеджмент, мақсат қою және өзін-өзі дамыту туралы маңызды ақпараттар айтылды.

Студенттердің бір-бірімен тәжірибе алмасуына, жаңа білім, мотивация алуына мүмкіндік берген кездесуді Университеттің профессор-оқытушылары Дина Диарова мен Ұлдай Қойбақова ұйымдастырды.

Студенттік өмір – білім алу ғана емес, өзін-өзі дамыту мен тұлғалық өсудің кезеңі. Білімгерлерімізге осы жолда жетістік тілейміз!

Фото 1 Фото 2 Фото 3
RU KK  EN