«Парасат» ордені – ғылымға қосқан үлестің бағасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар ғалым жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталған болатын. Олардың қатарында С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Владимир Александрович Яшков бар. Белгілі ғалым «Парасат» орденіне ие болды.
Владимир Александрович – Атырау өңірінде ғана емес, еліміздегі ғылыми және академиялық қауымдастықта танымал тұлға. Ұстаз, тәлімгер ретінде бірнеше буын мамандардың қалыптасуына үлес қосып келе жатқан ғалымның көп жылғы еңбегі мен ғылымға сіңірген еңбегі – осы жоғары марапаттың лайықты негізі.
Салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев, облыстық кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасының басшысы Данияр Орынбасаров, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Құрметті Владимир Александрович,
Сізді шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, отбасыңызға амандық пен шығармашылық шабыт тілейміз!