«Study in Kazakhstan» Ашық есік күні аясында Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасында орналасқан И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті филиалының таныстырылымы өтті.
Шара барысында талапкерлер филиалдың оқу жүйесімен, білім беру бағдарламаларымен және мүмкіндіктерімен танысты.
Сонымен қатар, И.М. Губкин атындағы РММГУ филиалы ұйымдастырған сынақ емтиханына 50-ден астам талапкер қатысты. Олар орыс тілі мен математика пәндерінен білімдерін сынап көрді.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі Р.Т. Емелбаев емтиханға қатысқан талапкерлерге сәттілік тілеп, жоғары білім мен ғылым жолында танбай ізденуді міндеттеді.
Бұл тәжірибе – талапкерлерге өз білім деңгейін алдын ала бағалауға, әрі болашақ емтихандарға сенімді дайындалуға үлкен мүмкіндік!