UTEBAYEV UNIVERSITY-де Digital Week ресми түрде ашылды

Бүгін UTEBAYEV UNIVERSITY-де Digital Week салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға университет басшылығы, оқытушылар, студенттер, сондай-ақ IT-саласының сарапшылары мен қонақтары қатысты.

Ашылу рәсімінде университет ректоры Гүлзада Шакуликова, ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Шынар Коданова және AI HUB орталығының жетекшісі Ақмарал Абдиғалиева сөз сөйледі. Олар цифрлық трансформацияның маңыздылығы мен жасанды интеллекттің (AI) ел болашағындағы рөлі туралы айтты.

Биылғы Digital Week-тің басты тақырыбы – жасанды интеллект. Бұл технология қазірдің өзінде білім беру, медицина, ғылым және бизнес салаларында кеңінен қолданылуда. Сондай-ақ, іс-шара барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Жолдауында бұл бағытқа ерекше назар аударылғаны атап өтілді. Мемлекет басшысы Қазақстанды жасанды интеллект пен Big Data саласында өңірлік көшбасшы ету мақсатын қойған. Университет осы стратегиялық міндетті қолдай отырып, ақпараттық технологиялар факультеті жанынан Жасанды интеллект орталығын (AI HUB) ашты. Жаңа орталық студенттер, жас ғалымдар мен стартаперлер үшін тәжірибе алмасу мен зерттеу алаңына айналмақ.

Сонымен қатар, Digital Week аясында JasUP білім беру жобасымен бірлесе ұйымдастырылған студенттік жобалар көрмесі өтті. Көрмеде болашақ IT-мамандары мен жас ғалымдардың жаңа идеялары мен технологиялық шешімдері ұсынылды.

Digital Week – университеттің елдің цифрлық болашағына қосқан маңызды үлесі. Мұндай бастамалар цифрлық мәдениетті дамытуға және студенттерді жаңа технологиялық дәуірге дайындауға үлкен ықпал етеді. AI HUB орталығының жетекшісі Ақмарал Абдиғалиева бұл жобаның білім мен технологияны тиімді біріктіретін платформа рөлін атқаратынын атап өтті.

Digital Week UTEBAYEV UNIVERSITY Digital Week UTEBAYEV UNIVERSITY Digital Week UTEBAYEV UNIVERSITY Digital Week UTEBAYEV UNIVERSITY
RU KK  EN