Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде мұнай-газ химиясы саласына арналған форум өтті.

Раушан Ғайсиқызы Сармурзинаның 60 жылдық еңбегіне арналған бұл форум – білім, ғылым және өндірісті байланыстыратын маңызды бастама. ҚР Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК, Honeywell Қазақстан және басқа серіктестердің қолдауымен Кәсіби даярлық орталығын құру жолындағы алғашқы қадамдар жасалуда.

Орталықтың мақсаты — қазіргі және болашақ жобалардың, соның ішінде KPI зауыты, салынып жатқан Silleno зауыты және еліміздегі басқа мұнай-газ химиясы жобалары үшін мамандар даярлау.

Форумға қатысушылар:

  • Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев;
  • ҚР еңбек сіңірген мұнайшысы Ұзақбай Қарабалин;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ аппарат басшысы Әлімұхаммед Құттұмұратұлы;
  • Университет ректоры Гүлзада Шакуликова;
  • Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор Эльшад Теляшев және басқа ғалымдар мен сала мамандары.
  • Форумда еліміздегі мұнай-газ химиясы саласының маңызды кезеңдері – KPI зауытының толық іске қосылуы мен Silleno жобасының құрылысының басталуы атап өтілді. Осыған байланысты кадр даярлау мәселесі басты назарға алынды.

    Шара соңында Раушан Ғайсиқызын Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласына қосқан үлесі үшін университет ректоры арнайы медальмен марапаттады.

    Фото 1 Фото 1 Фото 1 Фото 1 Фото 1 Фото 1
    RU KK  EN