UTEBAEV UNIVERSITY: «AIHub» жобасы AI-Sana Ceremony-де жеңімпаз атанды
Бүгін Астанада өткен AI-Sana Ceremony салтанатты іс-шарасы аясында UTEBAYEV UNIVERSITY әзірлеген «AIHub – интеллектуалды платформасы» жобасы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тарапынан «Демеуші таңдауы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Форум барысында еліміздің жетекші жоғары оқу орындары мен ірі компаниялар өкілдері жасанды интеллект саласындағы үздік бастамаларын таныстырып, білім, бизнес және технология салаларындағы ынтымақтастықты талқылады.
Қатысушыларды Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қуанышбек Есекеев пен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтап, AI-Sana бастамасының ел үшін стратегиялық маңызын атап өтті.
AI-Sana бағдарламасы — Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы негізінде әзірленген ұлттық жоба. Бағдарлама жасанды интеллект экожүйесін дамытуға және білім мен технология салаларындағы интеграцияны күшейтуге бағытталған.
UTEBAYEV UNIVERSITY делегациясы форум жұмысына белсенді қатысып, инновациялық идеялармен бөлісіп, жаңа серіктестік бағыттарын дамыту жөнінде келіссөздер жүргізді.
Форумда университеттің инновациялық жобасы — интеллектуалды талдау платформасы «Edu Data Insight» ерекше қызығушылық тудырды. Бұл жоба академиялық деректерді талдау мен шешім қабылдау үдерісін жасанды интеллект арқылы оңтайландыруға бағытталған.