Ғылым және инновация департаменті
Ғылым және инновациялар департаменті - жоғары оқу орнының ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, инновациялық қызмет және жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау саласындағы қызметін жоспарлау және бақылау бөлімшесі.
Міндеттері:
- ЖОО-ның ғылыми және инновациялық қызметін дамытуды стратегиялық жоспарлау;
- ЖОО бөлімшелерінің ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыру;
- ғылыми-зерттеу қызметін қаржыландырудың қосымша көздерін тартуға жәрдемдесу, гранттарға өтінімдерді ресімдеуге көмек көрсету;
- сыртқы ұйымдармен ғылыми ынтымақтастық туралы ұсыныстар мен шарттардың жобаларын дайындауды жүзеге асыру;
- Университеттің ақпараттық қамтамасыз етілуін және жарияланымдық белсенділігінің мониторингін жүргізу;
- университеттің ғылыми зерттеулері мен әзірлемелерін әлемдік ғылыми қоғамдастыққа ілгерілету үшін жағдайларды қамтамасыз ететін ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау мен олардың кәсіби өсуінің біртұтас жүйесін қалыптастыру;
- ЖОО студенттері мен жас ғалымдарының ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру, үйлестіру және қолдау;
- ғылым мен инновациялық қызметтегі нәтижелілікті жүйелі және автоматтандырылған жинау, жүйелеу, сақтау, талдау жолымен университеттің ғылымиметрикалық көрсеткіштерін сапалы арттыру;
- жастар ғылымын қолдау және дамыту, ЖОО-ның ғылыми қызметі мен ғылыми-техникалық базасының нәтижелерін пайдалану;
- оқытушылардың, қызметкерлердің, докторанттардың, магистранттардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін жариялау;
- «АтМГУ хабаршысы» жорналының қалыптасуы мен басылымы.